Атырауда жол апатынан жедел жәрдем қызметкері қаза тапты

Доссор-Бейнеу тас жолының 74 шақырымы тұсында 9 қаңтар күні сағат 18:30 шамасында төрт автокөлік соқтығысып, соның салдарынан медицина қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Жолда Газель автокөлігі жедел-жәрдеммен, ал  IVECO автокөлігі Rolfo Sirio-мен соқтығысты.  Жол апатынан жедел-жәрдем автокөлігінің 1964 жылы туған медицина қызметкері оқиға орнында қаза тапты.

Қазіргі таңда тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр.

«Газель автокөлігінің 1995 ж.т. жүргізушісі бұған дейін ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 2,3 бөлігі, 590-бабының 5-бөлігі бойынша, ал жедел-жәрдем көлігінің 1997 ж.т. жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі, 594-бабының 1-бөлігі және 593-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Осы ретте, атыраулық полицейлер ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жолда абай болып, жол ережелерін  сақтауды сұрайды.

Эльмира Мықтыбаева