Атырауда жол апатынан жас жолаушы қайтыс болды

Бүгін түнде С.Бейбарыс және Әбілқайырхан даңғылы қиылысында 20 жастағы жолаушы жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды AtyrauPress.

Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 9 қараша күні сағат 00:24 шамасында С.Бейбарыс және Әбілқайырхан даңғылы қиылысында 20 жастағы жүргізушінің басқаруымен жол-көлік оқиғасы орын алды.

Соның салдарынан маркасы Hyundai Accent автокөлігінде отырған 2002 жылғы  жолаушысы әртүрлі дене жарақатын алып, оқиға орнында қайтыс болды.

Қазір тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр.

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА