Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Сіздерге тағы да жол қауіпсіздігін сақтау өзіңіздің және өзгенің өмірі мен денсаулығы үшін маңызды екенін айтқымыз келеді. Жол апаттары туралы ақпараттарды сіздерге назар аударып, сақтық шараларына мұқият болуларыңыз үшін және жауапкершілік танытуларыңыз үшін хабарлаймыз! Соңғы бір аптада Атырау облысы аумағына қарасты облыстық, республикалық тасжолдарда, сондай-ақ, ауыліші тасжолында жол апатынан 6 адам қайтыс болды. 21 мамыр күні сағат түнгі 00:30 шамасында Құрманғазы ауданы, Нұржау ауылында ВАЗ-21106 автокөлігінің жүргізушісі белгіленбеген жерден өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып құлатқан. 35 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды. Тағы екі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді.
Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Жол апаттарының жиілеуі, жол-көлік оқиғаларының орын алуы баршамызды алаңдатуы қажет. Жол қозғалысының әр сәті жауапкершілікке және саналы түрде қабылданатын қадамдардан тұруы тиіс. Сондықтан да, жоғарыда айтылған жол апаттары туралы ақпараттардан өздеріңізге сақтықтың маңызды екенін түсінесіздер деп ойлаймыз! Жол ережесі қауіпсіздікке негізделген, демек сіздің және өзге де адамдардың денсаулығы мен өмірі жол ережесін барлығы сақтағанда ғана қауіпсіз болмақ. Барар жеріңізге аман-сау жетіңіз, жолда абай болыңыздар!" дейді департамент мамандары.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ