Атырауда жол апаты азаймай тұр... (+ВИДЕО)
Атырауда «Кибер-Шериф» құрылғысы арқылы 900-ден аса жол ережесін бұзу дерегі анықталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
1 ақпаннан өңіріміздегі республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдарда жолдағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында 28 дана «Кибер-Шериф» құрылғылары шығып, қызмет атқаруда. Бүгінгі күнге дейін аталған құрылғы арқылы 900-ден аса жол жүрісі ережесін бұзушылық деректері анықталып отыр.
Полиция қызметкерлері тарапынан күнделікті жүргізіліп жатқан іс-шаралар мен «Кибер-Шериф» құрылғысын тас жолдарға шығару ол сіздердің амандықтарыңыз екендігін ескертемін, алайда осы құрылғыдан өздерінің құқық бұзушылық жасауларын тоқтатпау мақсатында кейбір такси жүргізушілері басқа жол жүрісіне қатысушы тұлғаларға автопатрульдердің қай бағытта жүргенін ескерту мақсатында WhatsUpp әлеуметтік желісі арқылы чаттарға таратып, жол-көлік оқиғасына себеп болатын әр-түрлі әрекеттерге баруда.
Осы жылдамдық режимін сақтамау салдарынан 4 ақпан күні республикалық маңызы бар тас жолының Құрманғазы ауданы аумағында жеңіл және жүк автокөліктерінің қатысуымен ірі жол апаты орын алып, салдарынан жеңіл автокөлік оқиға орнында соққы салдарынан өртке оранып, ерлі-зайыпты екі адам қаза болды.
Осы үндеу арқылы республикалық маңызы бар Атырау-Астрахань тас жолының Атырау қаласынан Құрманғазы ауданы аралығы осы жолды қайта жаңғырту жұмыстары жүруіне орай 60 шақырым сағат жылдамдықты шектеу жол белгілері орнатылғандықтан, сіздерден тас жолдарда жылдамдықты асырмай, жол ережесін қатаң сақтау керектігін ескертеміз.
Осы ретте, облыс аумағында республикалық және облыстық маңызы бар тасжолдардағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғасын алдын-алу мақсатында 5-29 ақпан аралығында «Қауіпсіз жол»жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп, облыстағы көлік жолдары мен тас жолдарда рейдтік жұмыстар жүргізілетіндігін қаперлеріңізге береміз.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ