Атырауда "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының" байқауы қорытындыланды (+ВИДЕО)

БАҚ өкілдері арасында өткен «Атырау облысындағы жолдардың жай-күйі» туралы байқаудың үздік жарияланымдары анықталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бүгін «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК облыстық филиалы ұйымдастырған БАҚ өкілдері арасында «Атырау облысындағы жолдардың жай-күйі» туралы байқау қорытындыланды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті. Салтанатты шарада «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК облыстық филиалының директоры Дархан Сайлауов байқауға қатысқан медиа мамандарына алғыс білдіре отырып, үздік жарияланымдар иесін марапаттады,

- Журналистер мемлекет пен халық арасындағы алтын көпір іспеттес.  Сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз. Тіл байлықтарыңыз және жазу қабілеттеріңіз арқылы тұрғындарға әр тақырыпта үздіксіз ақпарат таратып келесіздер. Сіздерге алғысым шексіз. Шығармашылығыңыз сарқылмай, қаламыңыз мұқалмасын, - деді Д.Сайлауов.

Қатысушылар «Үздік телевизиялық сюжет», «Үздік мақала», «Ақпараттық сайттағы үздік жарияланым» номинацияларымен  марапатталды. Сондай-ақ филиал жұмысын БАҚ-та ақпараттандыруға үлес қосып жүрген бірқатар маманға директордың арнайы сыйлығы табыс етілді.