Атырауда жоғалған бақташы төрт күннен соң табылды

Мақат ауданының тәртіп сақшылары  шаруа қожалығының жоғалып кеткен бақташысын тапты, деп хабарлайды AtyrauPress.

 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 шілде күні 102 арнасына 64 жастағы Мақат ауданының тұрғыны жоғалды деген хабар түседі. Хабарласқан адаманың айтуынша, жоғалған бақташы кешкі уақытта өрістен келмей қалған малды іздеуге шығып, қайта оралмаған.

Аталған дерек Мақат аудандық полиция бөліміне тіркеліп, адам жоғалу фактісі бойынша қажетті шаралар жүргізілді.

«Жаздың аптап ыстығына қарамастан аудандық учаскелік полиция қызметкерлері Азамат Прзадаев пен Тойгожа Азбергенов жедел іздестіру жұмыстары нәтижесінде 1959 ж.т. бақташаны тауып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Қазіргі таңда  бақташының денсаулығы бірқалыпты. Бақташы күннің ыстығына қарамастан жедел әрекет еткен тәртіп сақшыларына  алғысын білдірді», - делінген хабарламада.

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА