Атырауда жоғалған азамат табылды

Атыраулық полицейлер із-түссіз жоғалған Өзбекстан азаматын анықтады, деп хабарлайды AtyrauPress.

2 маусым күні Атырау қаласы полиция басқармасының Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері 28 қаңтардан бері іздеуде жүрген 1999 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады. 24 жастағы шетелдіктің туыстары хабарсыз кетуіне байланысты Қоңырат аудандық полиция бөлімшесіне арыз тастап, осылайша із-түссіз жоғалғандар қатарында болған. Аталған азамат жұмысқа орналасу үшін мамандандырылған халыққа кызмет көрсету орталығына барып, рұқсат қағаз алуға құжат тапсырған. Осылайша, Көші-қон кызметі бөлімінің қызметкерлері 24 жастағы шетелдіктің жеке басын анықтай отырып, Өзбекстан Республикасы азаматының іздеуде тұрғанын анықтаған.

Қазір азамат Криминалдық полиция басқармасының іздестіру бөліміне тапсырылды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ