Атырауда жертөлелер тазаланып жатыр

Қаладағы "Вокзал маңы" 3 А шағынауданы, 26 "А" мекенжайы бойынша жертөле тазалау жұмыстары басталды, деп хабарлайды AtyrauPress қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Атырау облысы әкімі Серік Шапкеновтің тапсырмасына сәйкес, қалалық  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі және ПИК қызметкерлерімен "Вокзал маңы" 3 А шағынауданы, 26 "А" мекенжайы бойынша жертөле тазалау жұмыстары басталды. 

Аталған орынға Атырау қаласы әкімінің орынбасары Серік Нсанбаев барып, атқарылып жатқан жұмыс барысын қадағалады.

Айта кетейік, жертөлені тазарту, қалпына келтіру жұмыстары әкімдік тарапынан бір рет ұсынылады. Әрі қарай қадағалау жұмыстарын пәтер иелері кооперативі атқарады.