Кеше, яғни, 11 мамыр күні сағат 11:44-те Атыраудан 350 шақырым оңтүстік-шығыста орналасқан Теңіз мұнай-газ кен орны аумағында магнитудасы 4,2 құраған жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, дүмпулер шамамен бес секундқа созылған. Дегенмен, Төтенше жағдайлар министрлігі жер бетінде ештеңе сезілмегенін және тұрғындардан қоңырау түспегенін мәлімдеді. Қазір зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Мамандар өңірдегі сейсмикалық белсенділікті бақылауды жалғастыруда.
Аман ШАМАР