Атырауда желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жетеді

Атырау облысында секундына 23-28 метрге дейін жылдамдықта жел тұрып жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress.

Еіліміздің 12 өңірінде ауа райы қолайсыз болады. Бұл туралы "Қазгидромет" синоптиктері ескерту жасады.

Атырау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады. Оның күші 15-20 м/с, ал күндіз облыстың батысында, оңтүстігі мен солтүстігінде екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Эльмира Мықтыбаева

Фото: AtyrauPress