Атырауда жеке балабақша тәрбиеленушісі қайтыс болды

Оқиға Құрсайдағы жеке балабақша аумағында орын алған, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

«Оқыс оқиға 10 шілде күні сағат 11 шамасында «Чебурашка» жеке балабақшасында болған. Күндізгі серуен кезінде төрт жасар бала кәріз септигіне түсіп, суға батып кеткен. Қазір тиісті органдармен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Аталған жайтқа қатысты құрылтайшының түсініктеме беруін күтіп отырмыз. Марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамыз» деді қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова. 

Қазір қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: ru.freepik.com