Атырау облыстық "Жедел жәрдем" стансасының қызметкерлері "Көмек" жүйесінің жұмыс жасамай қалуына байланысты шағымынан кейін әкімдік ресми тексеріс жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"Жедел жәрдем қызметінің ақпараттық жүйесі істен шыққаны жөніндегі шағымдарға орай ресми тексеріс ұйымдастырылады. Ол станса қызметі мен "Көмек" жүйесінің жұмысына талдау жасауға бағытталмақ. Соның нәтижесімен анықталған кемшіліктерді жою бағытында тиісті шаралар алынатын болады" деді облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ