Атырауда жедел-профилактикалық іс-шара өтіп жатыр

Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызмет ету аймағында ағымдағы жылдың 21-23 шілде аралығында «Су, әуе, теміржол көлігінде және автомобиль жолында халықаралық қылмыстық топтардың әрекеттерін анықтау және жолын кесу мақсатында» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Қылмысқа қарсы күрестегі бірлескен шаралардың 2019-2023 жылдарға арналған мемлекет аралық бағдарламасының 2.1.1.6. тармағына сәйкес  келісілген және жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу.  2019-2023 жылдарға арналған жоспар кестесіне сәйкес су, әуе, теміржол көлігінде және автомобиль жолында халықаралық қылмыстық топтардың әрекеттерін анықтау және жолын кесу. 

Сондай-ақ, шара мақсаты – қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, жарылғыш құрылғыларды және есірткі заттарын заңсыз сақтауға, тасымалдауға, беруге сатуға байланысты қылмыстардың алдын алу, жолын кесу, анықтау және ашу.

 

 Атырау станциясы желілік полиция бөлімі