11 Қыркүйек, 2022 218

Атырауда "Жедел жәрдем" көлігі жол апатын жасап, екі адам ауруханаға түсті

 Атырауда «Жедел жәрдем» көлігі жол апатын жасап, екі адам ауруханаға түсті

Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті мәлімдеді.

 Мейірім Ердәулет,  облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

"11 қыркүйек сағат 19:30 шамасында Атырау қаласы Балауса мөлтек ауданында жедел-жәрдем көлік құралы екінші дәрежелі жолдан шығып, басты жолмен келе жатқан Toyota Land Cruiser көлік құралына жол бермей соқтығысқан. 

Соққы екпінімен жедел-жәрдем көлік құралы үй қоршауына соғылған. Салдарынан "Жедел жәрдем" көлігінің екі жолаушысы және Toyota көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда".