Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қас пен көздің арасында Nissan Тiana көлігі екі жүргіншіні қағып құлатқан, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Оқиға Атырау қаласының қақ ортасында – Вокзал маңы мөлтекауданындағы арбат бойында орын алған. Көлік тізгінінде 2003 жылы туған жігіт болған.
Белгілі болғандай, оқиға кезінде жаяу жүргіншілер оларға арналмаған аумақтан өткен екен. Қазір зардап шеккендер жедел-жәрдем көлігімен облыстық ауруханаға жеткізілді. Тиісті іс-құжаттар жинақталуда.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ