Атырауда жеңіл көлік аударылып қалды

Оқиға 27 ақпан күні сағат 02:00 шамасында орын алған, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау қалалық полиция басқармасы мәлім еткендей,  Г.Канцева-Доссор көшелерінің қиылысында 2002 жылы туған азамат маркасы Toyota Camry автокөлігімен келе жатып жол қауіпсіздігін қадағаламай, жол жиегіне аударылып қалды. Салдарынан екі жолаушы мен жүргізуші әртүрлі дене жарақатын алып, обылыстық ауруханаға жеткізілді. 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ