Атырау қаласында жауған жаңбырдан кейін жиналған суды тазарту жұмыстары жалғасуда.
Қазіргі уақытта қала аумағында 14 арнайы техника және 35 қызметкер жұмылдырылды. Тазарту және су шығару жұмыстары түнгі уақытта да тоқтамайды.
Азаматтар өз өтініштері мен шағымдарын Атырау қаласы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшалары немесе 109 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жолдай алады.