Атырауда "Жасыл ел" жастар еңбек жасағына қабылдау басталды

Атырау облысында "Жасыл ел – 2023" жастар еңбек жасақтары жауынгерлерінің қатарына қабылдау басталды, деп хабарлайды AtyrauPress.

 

"Жасыл ел" жастар еңбек жасағының 2023 жылғы XIХ еңбек маусымына 16-35 жас аралығында жастарды жұмысқа қабылдау басталды.

Жауынгерлер елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізеді, "Жасыл ел" қамқорлығымен түрлі тақырыптық іс-шаралар мен экологиялық акцияларға қатысады.

Атырау облысының 7 ауданына және Атырау қаласына қарасты 7 ауылдық округ: Ақсай, Еркінқала, Дамбы, Қайыршақты, Атырау, Алмалы, Кенөзек аумақатарына ғана жұмысқа қабылдайды. Атырау қаласының орталығындағы аумақтар, мәселен жағалау, ретро саябақ т.б қарастырылмаған.

"Жасыл ел" ЖЕЖ жастарды тек 1 ай ғана жұмыспен қамтиды. Нақтырақ айтқанда, маусым айында жұмыс жасаған сарбаз шілде, тамыз айларында жұмыс істей алмайды.

Бір айлық жұмыс ақысы – 70 мың теңге. Салықтарды шегергенде 55 мың 440 теңге  таза жалақы қолға тиеді.

Жұмысқа қабылдануға қажетті құжаттар:

-Жеке куәлік;

-Kaspi Gold IBAN шот (20 таңбалы нөмір): ұялы телефондағы Kaspi.kz қосымшасы арқылы алуға болады;

-18 жасқа толмаса ата-анасының рұқсат қағазы.

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА