12 «мамыр», 2022 601

Атырауда "Жасыл ел" жасағына жұмысқа қабылдау басталды

 Атырауда «Жасыл ел» жасағына жұмысқа қабылдау басталды

Еңбек жасағына 16-29 аралығындағы жастар қабылданады.

Жұмысқа тіркелу онлайн форматта жүзеге асырылады. 
Үміткерлер инстаграм әлеуметтік желісіндегі @atyrau_jastary аккаунты профилінде көрсетілген сілтеме арқылы тіркеле алады.
Жұмысқа қабылдау үшін 
жеке куәлік, Kaspi Gold картасындағы IBAN шот, үміткер 18 жасқа толмаған жағдайда ата-анасының рұқсат қағазы керек. 


 "Жалақының жалпы мөлшері 65 000 теңге.
Жалақы салығының шегерімдерін алып тастағанда қалатын таза ақы 51 480 теңге" делінген Атырау облысы ішкі саясат басқармасы  таратқан ресми ақпаратта.