Атырауда жастар ресурстық орталығының басшысы тағайындалды

Атырау қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы болып Мансия Сағидоллаева тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Мансия Сағидоллақызы 1998 жылы 15 қыркүйекте дүниеге келген. Білімі жоғары. 2020 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін психология мамандығы бойынша, 2022 жылы Халықаралық Тараз инновациялық институтын педагогика және психология мамандығы бойынша тәмамдап, магистр дәрежесін алған.

2020-2021 жылдар аралығында Х.Досмұхамедов атындағы АтМУ-де “Жастар саясаты департаментінің” маманы, 2021 - 2023 жылдың қараша айына дейін облыстық білім беру басқармасы “Таланттарды анықтау және қолдау” орталығының әдіскері, 2023 жылдың желтоқсан айынан күні бүгінге дейін “Бағдарлау, ақпараттандыру және жұртшылықпен байланыс” бөлімінің басшысы міндетін атқарған.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ