Спорттық іс-шараға 7 ауданнан келген 70-ке жуық белсенді жас қатысып, бақ сынасты, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қатысушылар волейбол,шахмат,садақ ату,үстел теннисі және тоғызқұмалақ сынды бірнеше спорт түрінен жарысып, кіл мықтыны анықтауға тырысты.
" Жарыста командалар өздерінің спорттық шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, ұйымшылдық пен достық рухын да таныта білді. Мұндай іс-шалар жиі ұйымдастырылып тұрса дейміз",- деді Қазбек Айтқалиев.
Спорттық сайыстың нәтижесінде жүлделі 1-ші орынды Қызылқоға ауданының құрамасы иеленді . Ал 2-ші орын Индер ауданының жастарына бұйырса, 3-ші орынға Исатай ауданы тұрақтады.
Жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар табысталғанын айта кетейік.