Атырауда жас түлек жұмбақ жағдайда қайтыс болды...

Оқиға Махамбет ауданында болған, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Облыстық полиция департаментінен білгеніміздей, 3 шілде күні Махамбет ауданы Сарытоғай ауылында 17 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық іс тіркеліп, 2005 жылы туған күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: ru.freepik.com