Махамбеттегі қайғылы оқиғаға кім кінәлі?

Полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, іс ерекше бақылауға алынды, деп хабарлайды AtyrauPress.

Ағымдағы жылдың 4 шілдесінде Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарытоғай ауылында ауылдасымен келтірілген соққыдан 17 жасар жасөспірім қайтыс болды.

Аталған дерек бойынша полициямен «Абайсызда қазаға ұшырату» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.   

11 шілдеде Атырау облысы прокуратурасының нұсқауымен күдіктінің әрекеті «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабымен дәрежеленіп, ол қамауға алынды.

13 шілдеде оған қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

"Істің тергеп-тексерілуі ерекше бақылауда.Адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары - мемлекетіміздің ең жоғары құндылықтары. Адамның өмірі мен денсаулығына қол сұғушылық заң бойынша қатаң түрде қудаланады"- деп хабарлады Атырау облысының прокуратурасында. 

Фото: "Freepik"