Атырауда жасөспірімдер мұз астына түсіп кетті... (+ВИДЕО)

Атырауда мұз астына түсіп кеткен екі жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

7 наурыз күні сағат 18:30 шамасында Жайық өзенінде екі жасөспірімнің мұз ойығына түсіп  кеткенін байқаған қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі мен қызметкерлері  дереу көмекке келген. Судан құтқарушылар жасағы келіп жеткенше патрульдік полицейлер жасөспірімдерге арқан жіп жеткізіп өздерінің беліне байлап, балалардың суға батып кетуіне жол бермеген. Санаулы уақытта адам өміріне араша түспесе тілсіз жауды жеңе алмайтынын түсінген тәртіп сақшылары мен Төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері 2007 жылы туған жасөспірімдерді дер кезінде жағаға шығарлы. Жедел-жәрдем шақырылып алғашқы медициналық көмек көрсетілген. 

Айта кетейік, ауа-райының қолайсыздығына байланысты күртік қардың астында, жағалауларда, жарқабақтар мен жылғалардың құйылысында мұз жұқарып, еруіне байланысты адам өміріне қауіп тудыруда.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ