Атырауда «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды

Облыста 15 қарашада басталған «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы 22 қарашаға дейін жалғасады, деп хабарлайды AtyrauPress облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Іс-шара барысында ішкі істер органдарында есепте тұрған балалар, мектеп оқушылары мен оқу орындары жастары арасында профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, құқық бұзушылықтар жасауға бейім жасөспірімдерді, кәмелетке толмағандар тобын, балаларды құқық бұзушылықтар жасауға тартатын ересек адамдарды, сондай-ақ, айналымына тыйым салынған басқа да заттарды алып жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау жұмыстары жүргізіледі», - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Жедел профилактикалық іс-шарас барысында кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ, құқықтық сауаттылығын арттыру жұмыстары жан-жақты жүргізілмек.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

Фото:freepik.com