Атырауда жарық қаншаға қымбаттайтыны айтылды

«АтырауЭнергосату» кәсіпорны биыл 1 қарашадан бастап жаңа тарифтер қолданысқа енгізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

 Осыған орай, электр энергиясымен қамтамасыз ету қызметіне келесі тұтынушылар тобына қарай тарифтер бекітілген:

    • Электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндіруге (сатуға) және көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты емес өзінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұрмыстық тұтынушыларға (жеке тұлғалар) – 1 кВт/сағ. үшін 10,56  теңге/ҚҚС-сыз.
  • Электр энергиясын тұрмыстық емес мұқтаждар үшін пайдаланатын тұтынушыларға      (мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын басқа тұтынушылар мен заңды тұлғалар) - 1 кВт/сағ. үшін  33,65 теңге/ҚҚС-сыз.
  • Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар –1 кВт/сағ. үшін   46,61теңге/кВт.сағ. ҚҚС-сыз.
    • Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу үшін пайдаланатын тұтынушыларға және «Атырау Облысы Су Арнасы» КМК  - 1 кВт/сағ. үшін 24,52 теңге/ҚҚС-сыз.

          Жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергияға сараланған тарифтері:

  • Жеке тұлғалар үшін бекітілген электр энергиясын тұтыну көлемінің шеңберінде тұтынылатын электр энергиясына бірінші деңгейлі тариф:

-       электр плиталарын пайдаланатын тұтынушылар үшін, айына 110 КВт/сағ дейін - ҚҚС-сыз 10,01 теңге/квтсағ. (ҚҚС-мен 11,21 теңге /кВтсағ);

-       электр плиталарын пайдаланбайтын тұтынушылар үшін, айына 90 кВт/сағ дейін - ҚҚС-сыз  9,75 теңге /кВтсағ (ҚҚС-мен 10,92 теңге /кВтсағ).

  • Жеке тұлғалар үшін электр энергиясына екінші деңгейлі тариф:

-       электр плиталарын пайдаланатын тұтынушылар үшін, айына 110 кВт/сағ-тан 190 кВт/сағ-қа дейін - ҚҚС-сыз  12,67 теңге /кВтсағ (ҚҚС-мен 14,19 теңге /кВтсағ);

-       электр плиталарын пайдаланбайтын тұтынушылар үшін, айына 90 кВт/сағаттан 170 кВт/сағатқа дейін - ҚҚС-сыз 12,67 теңге /кВтсағ (ҚҚС-мен 14,19 теңге /кВтсағ.).

  • Жеке тұлғалар үшін электр энергиясына үшінші деңгейлі тариф:

-            электр плиталарын пайдаланатын тұтынушылар үшін, айына 190 кВт/сағаттан жоғары – ҚҚС-сыз 15,84 теңге/кВтсағ (ҚҚС-мен 17,74 теңге /кВтсағ);

-            электр плиталарын пайдаланбайтын тұтынушылар үшін, айына 170 кВт/сағаттан жоғары – ҚҚС-сыз 15,84 теңге кВтсағ (ҚҚС-мен 17,74 теңге/кВтсағ.).