Атырауда жарық бағасына қатысты WhatsApp-тан аудио тарады
Атырауда электр энергиясы бағасын өзгертуге өтініш қабылдаудың шекті мерзімі жөнінде WhatsApp-тан дыбыстық хабарлама тарады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
«Атырау-жарық» АҚ-ның баспасөз қызметі аудиодағы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
«Тұтынушылардан өтініштер оларға ыңғайлы жолмен қабыладанып келеді, қабылдана да береді – қағаз жүзінде де, office@aesatu.kz электронды поштасы арқылы да. Траифті өзгертуге өтініш қабылдаудың шекті мерзімі жөніндегі дыбыстық хабарлама шындыққа сәйкес келмейді. Бұл тұрғындар арасында түсініспеушілік тудырады» делінген хабарламада.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ