Атырауда жарты сағатта бір жарым айлық нормадан артық жаңбыр жауды

19 тамыз күні сағат 17:45-тегі Атырау метеостанциясының мәліметінше, бар болғаны 33 минут ішінде 17 миллиметр жауын жауған, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

 Бұл көрсеткіш тамыз айына белгіленген айлық нормадан (10 мм) айтарлықтай көп. Қалада жауын-шашын әлі де жалғасып жатыр. Көшелерде жиналған суды сору үшін арнайы вакуумдық 10 техника жұмылдырылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қазірдің өзінде тұрғындар тарапынан 100-ден астам өтініш қабылданды. Қала әкімдігі атыраулықтарды ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда абай болуға шақырады.

Сәуле МАҒАУ