Атырау облысында дәрігерлер қант диабеті, омыртқаның остеохондрозы, вирустық конъюктивит, артрит, артроз, бронх демікпесі, гастрит, панкреатит, холецистит, синусит, бронхит сияқты созылмалы аурулардың көп тіркелгенін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, 23 мамыр күні "Жәрдем" медициналық пойызы "Алматы-2" станциясынан Маңғыстау облысына аттанып, кейін Атырау облысына барады. Жобаның негізгі мақсаты -медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ шалғай аудандардың тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсету. Атырау облысында дәрігерлік тексерулердің статистикасы мынадай: дәрігерлік қаралулар саны 9532 құрады. Атап айтқанда, жалпы тәжірибе дәрігерлеріне, терапевт, педиатрға – 1165 пациент, одан кейін офтольмолог – 924 пациент, сондай – ақ невропатолог – 894 пациент, хирург – 831 пациент және уролог-745 пациент келіп түсті. Пойыз дәрігерлері барлығы -767 ЭКГ, 841 - УДЗ және 833 флюорография процедураларын өткізді. Сондай-ақ, 57 хирургиялық операция жасалды.
Атырау облысында дәрігерлер қант диабеті, омыртқаның остеохондрозы, вирустық конъюктивит, артрит, артроз, бронх демікпесі, гастрит, панкреатит, холецистит, синусит, бронхит сияқты созылмалы ауруларды атап өтті .
Атырау облысының тұрғындары медициналық пойыз мамандарына көрсеткен қызметтері мен кеңестері үшін алғыс білдіреді. Осы жобаның арқасында кейбір пациенттерге ауылдық жерлерде қол жетімді емес және облыстық медициналық мекемелерге міндетті түрде баруды талап ететін сирек рәсімдер жүргізілді. Мысалы, Исатай станциясының бес жасар тұрғыны Ахмад Мерейұлына "сүндеттелу салты" деп аталатын хирургиялық операция жасалды.
"Жәрдем" медициналық пойызының кестесіне сәйкес, ол Ақтөбе облысына барады, онда 21 шілдеге дейін тұрып, шалғай станциялардың жергілікті тұрғындарына қажетті медициналық көмек көрсетеді.
"Жәрдем" мамандандырылған медициналық пойызы Ақтөбе облысының 12 станциясына барады. Жергілікті тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетіледі. 29 маусымда Ноғайты станциясынан бастап таңғы сағат 9:00-ден бастап халықты қабылдайтын боламыз", - деп хабарлады "Жәрдем" медициналық пойызының бас дәрігері Айнұр Егінбаева.
20 маусымда «Саламатты Қазақстан» екінші медициналық пойызы іске қосылды. Кесте бойынша медициналық пойыз мамандары «Малай сары» станциясында жұмысын жалғастыруда. Одан әрі ол Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Қарағанды, Жетісу, Ұлытау, Абай облыстарына барады. Сонымен қатар, қос медициналық пойыз еліміздің шалғай аудандарындағы 147 станцияны қамтиды.
Жоба «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қаржылық қолдауының арқасында мүмкін болды және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобының атынан "Қазақстан Темір Жолы" ҰК АҚ жанындағы "әлеуметтік жобалар қоры" Корпоративтік қорымен бірлесіп іске асырылуда.