Атырауда жапсарлас салынған үйден өрт шықты

Бүгін, 17 шілде күні Атырау қаласының Сарықамыс ықшамауданында жапсарлас салынған тұрғын үйден өрт шықты. Қызыл жалынның тұтануына қысқаша тоқтың тұйықталуы себеп болған.

Оқиға орнына жедел жеткен Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 21 қызметкері мен 5 бірлік техникасы жұмылдырылды. Өрт сағат 15:07-де толықтай оқшауланды. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында үй жанындағы сарай аман сақталып қалды.

Абырой болғанда, оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Ақтілек Базарбаева