Атырауда жантүршігерлік жол апатынан үш адам қайтты (+ВИДЕО)

Жол-көлік оқиғасы 13 сәуір күні сағат 17:10 шамасында республикалық маңызы бар Атырау-Астрахань тас жолының 821-шақырымы тұсында болған, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

1994 жылы туған жүргізуші Toyota автокөлігін басқара отырып бір бағытта өз алдында қозғалып келе жатқан КамАЗ жүк автокөлігінің тіркемесіне соқтысқан. Салдарынан Toyota автокөлігінің жүргізушісі және екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі таңда тиісті іс-құжаттар жинақталуда.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ