Атырауда «Жанды сабақтар» жобасы жүзеге асырылады

Бұл туралы Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Жаңабеков мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Балалар туризмін дамыту мақсатында жыл сайын «Жанды сабақтар» жобасы жүзеге асырылуда. Өткен жылы жоба бойынша 160 оқушы оқытылса, биыл қазан айында 200 баланы оқыту жоспарланып отыр. Аталған жобаға 7-10 сынып оқушылары, оның ішінде көп балалы және аз қамтылған отбасыларының балалары қатысады.


- Мектеп бағдарламасын визуалды ете отырып, мектептен тыс кәсіби бағыттағы экскурсиялық сабақтар өткізу мақсатындағы жоба білім алушылардың химия, биология немесе география бойынша білімін кеңейту бойынша да жұмыс істейді. Оған қоса білім беру экскурсияларын оқу процесіне интеграциялау, мұнай астанасының тарихымен таныстыру және мектеп оқушыларына арналған кәсіби жұмыстар жүргізу қарастырылған, деді Н.Жаңабеков.


Айта кетейік, оқушылар тізімі облыстық Білім беру басқармасымен бірлесе отып жасақталады.