Облыста Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметіне қарасты №14 өрт сөндіру бөлімі салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды AtyrauPress Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобына сілтеме жасап.
Жаңа өрт сөндіру бөлімі Жұлдыз, Ақсай, Талғайран, Қайыршақты округтерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етпек.
Жаңа өрт сөндіру бөлімі төтенше жағдайларды жоюда облыстың өрт сөндіру бөлімшелері қызметінің жеделділігін мен тиімділігін арттырады. Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің негізгі міндеті - ең алдымен аймақтың аумағында өрттен қорғау және сөндіру, сондай-ақ авариялық құтқару жұмыстарын қамтамасыз етеді.
Қала аумағы ұлғайып, тұрғындар саны да көбейіп отыр. Осы ретте олардың тиісті деңгейде қамтамасыз ету өте маңызды.
«Жаңадан салынған №14 өрт сөндіру бөлімі облыс аумағындағы барлық ауқымды өрттер мен төтенше жағдайларға шығады. Атырау қаласының көптеген аумақтарын, оның ішінде батыс бөлігін қауіпсіздіктен құтқару мақсатында қызмет атқаратын болады. Өрт сөндіру бөлімі заманауи құрал-жабдықтармен, техникалармен жабдықталған» делінген баспасөз хабарламасында.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА