Атырауда Жайық жағалауы адам танымастай өзгеруі мүмкін

Жайық өзенінің оң жағалауын қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырауда Жайық өзенінің оң жағалауын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Бұған дейін тасқынға қарсы бөгет салу кезінде ауыр техниканың қозғалысынан төселген тастар бүлініп, қапшықтардың салмағынан темір қоршаулар жантайып кеткен болатын. Қазіргі таңда мердігер компания бұл аумақты толық қалпына келтіруді қолға алды.

Возможно, это изображение 1 человек и улица

Жөндеу жұмыстары аясында қоршауларды дәнекерлеу, гранитті тастар мен төсемтастарды ауыстыру, жүгіру жолағының резин төсемін жаңарту, сондай-ақ жарық шамдарды орнату сияқты бірқатар жұмыстар атқарылуда. Жалпы, 7 шақырымға жуық жағалау аймағы толық жаңғыртылады.

Возможно, это изображение 1 человек и улица

Бұл ауқымды жұмыстарды «BS» ЖШС мердігер компаниясы атқаруда. Жоба жыл соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланып отыр.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Возможно, это изображение улица и дорога