Атырау облысында Жайық өзені деңгейінің жоғарылауы байқалады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі облыстық төтенше жағдай жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.
3 мамыр сағат 20.00-ге су деңгейінің өзгеруі (8.00-мен салыстырғанда): Индербор ауылы + 20 см, су деңгейі - 808 см, қауіпті деңгейі - 845 см; Махамбет ауылы + 8 см, су деңгейі - 820, қауіпті деңгейі - 850 см; - Атырау қаласы + 5 см, су деңгейі - 476 см, қауіпті деңгейі - 550 см.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ