Атырауда Жайық тағы да көтеріліп жатыр...

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша 30 сәуірде сағат 8-дегі жағдаймен Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі  деңгейі 693 см., деңгейдің +25 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 470 см құрайды.

  Жайық өзені - Махамбет кенті 764 см деңгейінде, тәулігіне + 10 см деңгейдің көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 447 см құрайды.   

  Жайық өзені - Атырау қаласы гидропостындағы су деңгейі 446 см., тәулігіне + 4 см. деңгейдің көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 255 см құрайды.

Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде. 30 сәуірде Иректі су қоймасынан ағызу 141 м3/с құрайды.