Атырауда жаңа технологиямен салынған жолдар пайда болмақ

Қала бойынша 13 көшеде тозығы жеткен асфальт жабындысы толығымен алынып, орнына қиыршықтасты-мастикалық асфальтобетон (ЩМА) жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған асфальт жабындысы қалада алғаш рет қолданылуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті. Атап айтсақ, Берғалиев, Қошқарбаев, Құнанбаев, Сәтбаев, Садықов, Құлманов, Молдағұлова, Жұмағалиев, Молдағалиев, Темірханов, Әліпов көшелерінде және Владимирский көшесінен Құрманғазы көшесі аралығындағы, ҚТҚ полигоны ауданындағы орналасқан жалпы ұзындығы 17,9 км автокөлік жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда жұмыс жоспарына сәйкес, Құлманов, Молдағұлова көшелері және Владимирский көшесінен Құрманғазы көшесі аралығындағы жолдардың 3,2 шақырым құрайтын бөлігі жөнделді.

Айта кетейік, қиыршықтасты-мастикалық асфальтобетон жабындысы қолданыстағы тұрақты пайдаланып отырған ұсақ түйірлі асфальт жабындысынан бірқатар артықшылықтармен ерекшеленеді: тұрақты деформацияға қарсылық көрсеткіштерінің жоғары болуы, көлік протекторларының жабынды ұстауын арттырады, шуды азайтады, жол төсемінің беріктігін арттырады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Возможно, это изображение автомобиль и текст