Атырауда – жаңа тағайындау

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне басшы тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрі аппараты басшысының бұйрығымен Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының лауазымына Умытхан Мусабаева тағайындалды.

Умытхан Мусабаева 1964 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1986 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтының "Фармация" мамандығы тәмамдаған.

Еңбек жолын 1986 жылы Атырау облысы дәріхана басқармасының №40 дәріхананың провизор-аналитигі болып бастады.

2003-2004 жылдар аралығында “Медицина” ЖАҚ-ның №7 дәріханасының провизоры болып жұмыс істеген.

2005-2008 жылдар аралығында Атырау облысы бойынша Денсаулық сақтау басқармасында бас маманы болып жұмыс атқарған.

2008-2023 жылдар аралығында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде басшылық лауазымдарды атқарды.

2023 жылдан тағайындалғанға дейін аталған департамент басшысының міндетін атқарып келді.