Нұрсая ықшамауданында орналасқан әл-Фараби атындағы BINOM мектебінің артына саябақ салынады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін саябақ APEC Petrotechnic колледжінің артына 5 гектар аумаққа салынады деп жоспарланған болатын. Сөйтіп, былтыр аумақ қоршалған еді. Бірақ, жердің сорлы болуына байланысты бастама жалғасын таппады.
- Онда көшеттер өспейтіні белгілі болды. Ал дренаж жүйесін салу көп қаражат қажет етеді. Сондықтан біз басқа учаскені таңдадық, жаңа BINOM мектебінің артында шамамен сондай көлемде бос жер бар. Жоба әзірленді, мердігер таңдалды, тек орналасу аумағы ғана өзгертілді. Енді қаржыландыру мен мәслихат шешімін күту керек. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың екінші жартысында басталады деп ойлап отырмыз, - дейді қалалық құрылыс бөлімінің өкілі Айбек Жәлелов.
Аман ШАМАР