Атырауда жаңа мектептер бой көтереді

Атырау облысында 9 мектептің құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 2024 жылы 3 нысан пайдалануға берілді, деп хабарлайды AtyrauPress.

Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов мәлімдеді.

– 2025 жылдан бастап облыстағы барлық мұғалімдер жасанды интеллект курстарынан өтеді. Бұл білім сапасын арттыруға сеп болады, – деді әкім.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Сурет – Әнуар ӘДІЛҒАЗИЕВТІКІ