Құлсарыда қуаттылығы 250 МВт болатын бу-газ қондырғысы, Қарабатанда 500 МВт газтурбиналық станса және 500 МВт жел электр стансасы салынуда.
Бұл жобалар өңірді тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды AtyrauPress.
Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов мәлімдеді.
– Президент Жолдауында энергетикалық қауіпсіздікке айрықша назар аударылды. 2030 жылға дейін облыстағы электр желілерінің тозу деңгейі 45 пайызға дейін төмендейді, – деді өңір басшысы.
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ
Сурет – Әнуар ӘДІЛҒАЗИЕВТІКІ