Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мұрзиев пен облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Данияр Орынбасаров дәнекерлеу жұмыстарына арналған жаңа өндірістік цехтың құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, нысанда қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда: өндірістік жабдықтарды орнату жұмыстары басталды; кеңсе бөлмелерінде ішкі әрлеу және жөндеу жұмыстары қатар жүргізіліп жатыр; желдету жүйесін монтаждау жүзеге асырылуда; іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Жобаның негізгі мақсаты – өңірдің өндірістік әлеуетін арттыру және жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту. Цех толық қуатында іске қосылғаннан кейін ондаған жұмыс орны құрылып, дәнекерлеу және металл өңдеу жұмыстары тұрақты өндірістік үрдіске қойылады.
Мадина Серікқызы
