Атырауда жаңа балалар ойын алаңдары салынды

Атырау қаласында абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Негізгі мақсат – тұрғындар үшін жайлы орта қалыптастыру және балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Привокзальный шағынауданындағы Арбат алаңында 25х45 метр көлемінде заманауи балалар ойын кешені салынды. Осындай тағы бір алаң Исатай–Махамбет алаңында да орнатылды.

Сонымен қатар, Өркен, Құрсай, Көкарна, Береке, Балықшы және Курилкино шағынаудандарында да жаңа ойын алаңдары орнатылды. Олардың көлемі 25х15 және 20х15 метрді құрайды.

Бұл жұмыстар қаланың инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған кешенді бағдарлама аясында жүзеге асырылуда.

Жанат Шаяхметова