Атырауда жаңа аялдамалар пайда болды

Атыраулықтар қаланың қақ ортасында автобус аялдамаларының жоқтығына қынжылыс білдіргені сол еді, қазір облыс орталығында жасыл аялдамалар қондырыла бастады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Әуезов көшесінің бойында екі ашық және үш жабық – барлығы бес аялдама қондыру жоспарланған. Бүгінде Салық инспекциясы мен Тұрғындар қалашығының соңғы аялдамасында екі ашық, «Абди» дүкені, «Мектеп» және Тұрғындар қалашығында үш жабық аялдама орнатылып үлгерген.

Ал, Датов көшесінде жоба бойынша  сегіз ашық және төрт жабық аялдама қою көзделген.

Сондай-ақ, Азаттық даңғылында алты ашық және төрт жабық аялдама орнату жолға қойылған. Қазір Перетаска, Торговая база мен Маслопромда үш ашық аялдама қондырылған.

Айта кетейік, біз бұған дейін де Тұрғындар қалашығына аялдама қажеттігі жөнінде жазған болатынбыз.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Суреттерді түсірген: Динара ҚАНБЕТОВА