Атырауда жаңа аялдамалар орнатылуда

Атырауда қала аумағында және қалаға қарасты округтерде аялдамалар орнату жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, жоспар бойынша жыл соңына дейін жаңа 100 аялдама орнату жоспарланған. Бүгінде кезек бойынша қолданысқа берілуде. Атап айтсақ, Жұлдыз ықшамауданы, Жаңаталап ауылдық округі, Құрманғазы ауылы, Дамба елдімекенінде жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Барлық жұмыстарды «ААЕ-2017» мердігер мекемесі атқаруда.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ