Атырауда жүргізуші түйеге соғылып қайтыс болды...

Атырауда жыл басынан бері үй жануарларының қатысуымен 91 жол-көлік оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Соңғы 9 айда облыс аумағындағы тас жолдар мен ауылдық елдімекендерде үй жануарларының қатысуымен 91 жол апаты болған. Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, биыл 27 шілде күні сағат 21:30 шамасында Сағыз ауылының тұрғыны мотоциклмен түйе малына соқтығысып, оқиға орнында қайтыс болған. Бұдан бөлек, осындай жол-көлік оқиғасы салдарынан 15 адам түрлі жарақат алып ауруханаға жеткізілген.

Мұндай оқиғада «мал айдау» белгісі бар аумақта бақташы мал бағып жүрсе, онда кінә жүргізушіге артылады, ал белгі орнатылмаған және мал айдаушы болмаған жерде жауапкершілік үй жануарының иесіне артылады.

Айта кетейік, жыл басынан бері иесіз мал жайылымының алдын алу мақсатында ҚР ӘҚБтК 408-бабы (ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) бойынша 309 тұлға жауапкершілікке тартылды.