Молдағалиев көшесі жөндеуден соң ашылды

Қала әкімі Шәкір Кейкин орташа жөндеуден өткен Жұбан Молдағалиев көшесіне барып, жұмыс сапасын тексерді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Аталған көше бүгін қолданысқа берілді. Қала басшысы жөндеу жұмыстарын қолға алған мердігер мекемеге қойылатын басты талап - сапа екенін, ал бұл бағыттағы тексеріс жұмыстарының күшейтілетіндігін ескертті.

Айта кетейік, Жұбан Молдағалиев көшесінің орташа жөндеу жұмыстары ТЖ жариялануына байланысты уақытша тоқтатылған болатын. Бүгін толық аяқталған көшеге жаңа асфальт жабындысы, жаяу жүргіншілерге арналған төсемтас және жиектастар салынды.

Құрылыс жұмыстарын “МКДСМ” ЖШС мердігер мекемесі жүргізді.