Атырауда жүк көлігі өртенді

27 ақпанда сағат 11:46-да Атырау қаласында Ғ.Берғалиев көшесінің бойында Қырғызстан азаматының басқаруындағы «Volvo» жүк көлігі отқа оранып жанып жатқаны туралы шақырту түсті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Қоғаммен байланыс тобы мәлім етті. Өрт сөндіру бөлімшесі қызыл жалынды сағат 12:37-де толықтай ауыздықтады. Өртті өшіруге департаменттің 9 құтқарушысы мен 3 техникасы жұмылдырылды. Тілсіз жаудың неден тұтанғаны әзірге анықталып жатыр. 

Возможно, это изображение 1 человек

"Құрметті аймақ тұрғындары мен қонақтары, автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаңыздар! Жыл басынан бүгінгі күнге дейін облыс бойынша 18 көлік өрті тіркелді. Оның ішінде жүк көлігі бойынша – 5, автобус – 1 , жеңіл автокөлік бойынша – 12 оқиға тіркелді" делінген хабарламада. 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Нет описания фото.