Атырауда үздік журналистер марапатталды

Бүгін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбындағы үздік журналистік жұмыс» облыстық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Іс-шараға өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, кәсіби журналистер мен сала мамандары қатысты. Байқауға Атырау облысындағы бұқаралық ақпарат құралдары мен өңірде қызмет ететін штаттан тыс журналистердің 2025 жылғы 1 қаңтар мен 16 желтоқсан аралығында жарық көрген материалдары қабылданды. Жалпы 12 өтінім түсіп, 5 номинация бойынша үздіктер анықталды.

f950ccb6 a544 4550 a7be ee83a240f9cc

Марапаттау рәсімінде облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова сыбайлас жемқорлықпен күрес тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бұқаралық ақпарат құралдары мен азаматтық қоғамның да ортақ міндеті екенін атап өтті.

– Биыл алғаш рет ұйымдастырылып отырған байқауға 12 жұмыс ұсынылды. Алдағы жылдары мұндай байқаулар дәстүрлі түрде жалғасын табады. Сонымен қатар келесі жылы қазақ журналистикасының негізін салушылардың бірі, профессор Тауман Амандосов атындағы байқауды өткізу жоспарланып отыр. Бұрын төрт жылда бір рет ұйымдастырылған бұл конкурс енді екі жылда бір рет өтетін болады, — деді ол.

Сөз соңында басқарма басшысы байқауға қатысқан барлық редакция ұжымдары мен журналистерге алғыс білдіріп, алдағы жылға сәттілік, шығармашылық табыс пен кәсіби өсіп-өркендеу тіледі.

1984eda9 eb77 43cc a323 45ae93e8da95

Байқау нәтижесінде «Үздік журналист-сарапшы» номинациясы бойынша облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің шолушысы Рита Өтеуғали, «Үздік шолушы» аталымында «Атпресс» сайтының тілшісі Амандық Абдол, «Үздік радиорепортаж» бойынша «Атырау» телеканалының редакторы Райхан Мұхитанова, «Үздік телесюжет» номинациясында «31арна» телеарнасының меншікті тілшісі Жұлдыз Тілеухан, ал «Үздік жарияланым» аталымында Құрманғазы аудандық «Серпер» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Айнагүл Шакупова жеңімпаз атанды. Әрбір жеңімпазға арнайы диплом мен 300 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы табысталды.

4e75dc8d 8558 4cdf ad6a c53ce97a5f79

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Айнұр Енсегенованың айтуынша, байқаудың басты мақсаты қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жарияланған сапалы әрі мазмұнды материалдарды ынталандыру.

f0b56aa8 82b3 473f 859a fe5df279deba
8e393b46 ec3e 47ea 991a fbf52c566d57


Майра ЕРҒАЛИ

Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ