Халықаралық жастар күніне арналған апталық аясында Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы жастар арасында интеллектуалдық сайыс ұйымдастырды.
"Жастар апталығына “IQ Quest” квест ойындарын қосу тектен-тек емес. Біздің жастарымыз жан-жақты білімді, бірлігі мықты болуы тиіс. Бүгінгі шарада сіздер ойлау, танымдық, шығармашылық қабілеттеріңізді жоғары деңгейде екендіктерін көрсете алады - деген сенімдемін. Топта жұмыс жасауға, тапсырмалардың шешімін оңай және жылдам шешуге, өзіндік пікір қалыптастыруға баулитын «IQ Quest» квест ойындары алдағы уақытта да жалғасын табады" - деді өз сөзінде облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова.
Квест ойынына қатысушылар Алмалы ықшамауданынан бастап, Салтанат сарайына дейінгі қаланың көрікті жерлерін аралап,әртүрлі сұрақтарға жауап берді.
І орынды Жас ұстаздардан құралған “Юсуфтың аркадашлары” командасы, ІІ орынды Кәсіпкер жастардан тұратын “Фирдаус” командасы, ІІІ орынды мұнайшы жастардың “ҚазТрансОйл” командасы иеленді.